Рудный қаласында полицейлер 600 грамнан астам синтетикалық есірткі затын тәркіледі

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Рудный қаласының 21 жастағы тұрғынын аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі заттарын сақтады деген күдікпен ұстады.

Күдіктінің гаражын тінту барысында полицейлер изолентамен оралған 11 полиэтилен түйіншекті тауып, тәркіледі. Олардың ішінде ерекше иісі бар ақ түсті зат болған. Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, бұл зат жалпы салмағы 673,06 грамм болатын мефедрон болып шықты.

Сонымен қатар, күдіктінің тұрғылықты жерін тексеру кезінде есірткіні бөлшектеу үшін қолданылатын электронды таразылар, изолента және «зип-лок» пакеттері тәркіленді.

Медициналық сараптама күдіктінің каннабиноидтарды қолданғанын анықтады.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі («Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз өткізу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта есірткі жеткізу арналары мен қылмыстық іске қатысы бар өзге тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *