Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы аясында Рудный қаласында 14 қараша күні сағат 13:00-де «Горняк» орталығында «Алаш арысы – Міржақып» атты аймақтық ақындар айтысы өтеді.
Айтысқа Қостанай облысы мен еліміздің түрлі өңірлерінен танымал ақындар қатысады:
Ғалымгерей Кенжеғожин (Рудный),
Салтанат Өтелбаева (Қостанай),
Бағила Балмашева (Арқалық),
Мамай Ізгілеу (Б.Майлин ауданы),
Жібек Шахмарданқызы (Астана),
Нағашыбай Ақылжан (Қамысты ауданы),
Байбатыр Ахметбек (Жангелдин ауданы),
Еламан Тұрсын (Амангелді ауданы).
Айтыстың жүргізушісі – Арман Хасен,
ҚР Ақпарат саласының үздігі, Рудный қаласының құрметті азаматы.
Қазылар алқасының төрағасы – Айбек Қалиев,
филология ғылымдарының кандидаты, доцент, мәдениет саласының үздігі, белгілі айтыскер, «Алтын домбыра – 2025» иегері.
📍Өтетін орны: «Горняк» МОСО, Рудный қаласы, Мир көшесі, 1.
🎟 Кіру тегін.