Қазгидромет синоптиктері 12, 13 және 14 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен жауын-шашынсыз болады.
«Тек республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі, кей жерлерде жауын-шашын күшейеді», – деді синоптиктер.
Еліміз бойынша жел күшейеді, тұман күтіледі, ал оңтүстікте және оңтүстік-шығыста көктайғақ, боран соғуы мүмкін.