Арқалық әуежайы қайтадан жолаушыларға қызмет көрсете бастады

Арада 33 жыл өткен соң Арқалық әуежайы қайта іске қосылып, жаңа келбетке ие болды. Нысан жаңғыртылып, жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға басымдық берілген. Солардың бірі — әуежайдағы бизнес-класс жолаушыларына арналған арнайы аймақ.