«Әділет Керуені»: өңір тұрғындарына тегін кеңес берілді

Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Шемонаиха, Марқакөл, Зайсан және Тарбағатай аудандарында «Әділет Керуені» партиялық акциясы аясында көшпелі қабылдаулар өтті. Тұрғындар медициналық, құқықтық және консультациялық көмек алды.

40 балаға мамандар кеңес беріп, бес балаға қазан айында тегін оңалту ұйымдастырылады. Жалпы 462 адам медициналық көмек алды, оның 389-ы онколог қабылдауында болды. Он тұрғын онкологқа алғаш рет жүгініп, қосымша тексеруге жіберілді. 33 адам АИТВ-ның алдын алу бойынша кеңес алды.

Сонымен қатар тұрғындарға заңгерлер, сот орындаушылары және «Отбасы банк» мамандары кеңес берді.

Акцияның басты мақсаты – аурулардың алдын алу, оларды ерте анықтау және шалғай елді мекен тұрғындарына қажетті көмекті жақындату. Алдағы уақытта «Әділет Керуені» еліміздің өзге өңірлерінде де өткізіледі.

https://adilet-partiyasy.kz/kz/news/kazahstantsy-smogut-poluchit-konsultatsii-profilnyh-spetsial