Патриотизм сабағы енгізілмек

Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстанда мектеп оқушылары «Патриотизм және жаһандық құзыреттер» атты курстан өтпек. Бұл туралы Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті Мәдина Тыныбаева мәлім етті

«Патриотизм және жаһандық құзыреттер» атты курс 5-11 сынып оқушыларына арналған. Оның мақсаты – баланың талдау қабілеті мен шеберлігін дамыту. Бүгінде жаңа жоба өңірлік әдістемелік орталықтарға танысу мақсатында жіберілді. Сол сияқты жаңа курсқа қатысты түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр», — деді Мәдина Тыныбаева ҚР Білім және ғылым министрлігінде өткен аппарат жиналысында.

Оқушыларға арналған жаңа сабақ 2022-2023 оқу жылында қолданысқа енгізілмек.

«Патриотизм және жаһандық құзыреттер» курсы 5-11 сыныптарда келесі салаларды қамтиды: қаржы сауаты және кәсіпкерлік негіздері, азаматтық, парасат пен әдеп, экология мәдениеті, сыни тұрғыдан ойлау, зайырлылық және дінтану негіздері, медиасауат.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *