Мұғалім болу-бақыт…

«Кідірту-толықтыру перспективалар: әдістемелік қызмет 2023 жыл» тақырыбында облыстық оқу-әдістемелік кеңес отырысы Рудный қаласындағы Би-аға мектебінің базасында өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.

Осы әдістемелік кеңесте «Үздіксіз білім беру педагогы» облыстық жобасы аясындағы жұмыс жүйемізбен таныстырдық. Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназия аясында құрылған «Темірқазық» педагогикалық клубының мақсаты – оқушылардың педагогикалық мамандықты таңдауға деген ынтасын дамытудың психологиялық-педагогикалық жағдайларын анықтау және эксперименттік негіздеу. Әрине, осы мақсатты педагогикалық мамандықты таңдауға мотивацияны дамыту бойынша оқушылармен жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктерін анықтау, оқушылардың педагогикалық мамандықты таңдауға деген ынтасын дамытудың психологиялық-педагогикалық жағдайларын анықтау және эксперименттік сынақтан өткізу, сонымен бірге оқушылардың педагогикалық мамандықты таңдауға деген ынтасын дамыту бойынша әдістемелік ұсыныстар, «Болашақ педагог» курсының бағдарламасын әзірлеу міндеттері арқылы жүзеге асыру жолындамыз.

Осы жоба авторы, облыстық білім басқармасы әдістемелік кабинет басшысы Т. И. Набатникова біздің болашақ педагогтарға үлкен қолдау білдірді. Мұғалім мамандығындағы қарқынды өзгерістер, жаңа технологияларды меңгеру, ішкі мотивациясын жоғарлату, сыни тұрғыда тұлға қалыптастыру жолындағы өткізілген шаралар айтарлықтай жеткілікті. Осы орайда мектебіміздің «Темірқазық» педагогикалық клубы мүшелері Набиева Назерке, Адебова Нұрсила, Құлмұратова Айкен,Озатова Назерке, Мықтыбаев Нұрмұхаммед болашақ мұғалім ретінде оқушылармен, облысымыздың әдіскерлерімен іс-шара өткізді. Іс-шара «Оқуға құштар» жобасы, экологиялык-кәсіптік, мұғалімге тән көркем мінез, белсенді қимыл-әрекет бағытында тарсырмалар арқылы өз жұмыстарын көрсетті. «Клуб мүшелерінің ынтасын, құлшынысына риза болдық. Екінші жылға аяқ басқан жобадағы оқушыларға үйреткен еңбек зая кетпепті. Кейін қатарымызға әріптес ретінде мықты тұлғалар келетініне көзіміз жетті. Біздер үшін маңыздысы — жасампаз, креативті, бастамашыл етіп тәрбиелеу. Осы дағдылардың бәрін мектеп үйретеді. Жаңа қадам, жаңа ақпарат, жаңа білім алу арқылы биік белестерді бағындыра алатын болашақ педагогтар. Мен жастарға сенемін!!! Жаңа көзқарас, оң өзгерістерді енгізуге мүмкіндік береді. «Темірқазық» педагогикалық клуб мүшелері ұстаздар алдында, оқушылар алдында шеберліктерін, ұмтылысын, іскерліктерін көрсетті. Біз үшін соңғы үлгідегі инновациялық технологияларды меңгеруге, құзыретті маман болғаны абзал. Ұстаздықтың тылсым құпиясы тым күрделілігімен тереңіне бойлай түсуге шақырады. Болашақ педагогтардың әр сөзі ұстаз ойымен айтылады. Дүниедегі білім атаулынын кілті де, құпия, сыры да ұстазға ғана анық. Ұлы Абайдын «Бала балқыған қорғасын» деген зерделі ойы көкіректеріне байлаулы болғандай. Болашақ педагогтардың тағылымды шығармашылық екпіні деп білемін. Сонымен қатар, қаламыздағы №13 жалпы білім беретін мектебінің «Шамшырақ» педагогикалық отрядын қатарға қоса отырып, іс-шарамызға қатысушы ретінде шақырылды. Іс-шара барысында отряд мүшелері өздерінің таным деңгейін көрсетті. Жоғары деңгейде өткізген Би-аға мектебінің болашақ мұғалімдеріне алғыстарын білдірді. «Темірқазық» клубының шыңдалу мектебіндегі жұмыстарының үздік сәттері мен қортындысы көрсетілді.

Қымбат БІРМАНОВА

Рудный қ. Бейімбет

Майлин атындағы

№7 мектеп-гимназиясының директоры

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *