Президент Жолдауында айтылғандай, қарқынды өзгерістер дәуірінде мәдениет пен өнерді дамыту – ұлт болашағы үшін маңызды бағыт болып қала бермек. Осы орайда Арқалық қаласындағы мәдениет саласына да ерекше назар аударылуда.
1973 жылы салынған Арқалық мәдениет үйі толықтай жаңғыртудан өтті. Үш қабатты еңселі ғимаратты қайта құруға 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Жаңарған мәдениет сарайы 474 орынға лайықталып, қаладағы мәдени өмірдің орталығына айналмақ.
Бұл нысан шығармашылық пен өнерді қолдаудың, жаңа идеялар мен қоғамды біріктіретін пікір алмасулардың заманауи алаңы болмақ.

Сапар барысында Костанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қала тұрғындарымен кездесіп, Арқалықтың даму бағыттары мен өзекті мәселелерін талқылады. Жұмыс сапарының соңында азаматтарды жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын қарады.
Айта кетейік, қатарға қосылған ғимарат 15 жылдан соң халыққа қайта есігін айқара ашып отыр. Бұған дейін 30 шақты ғана адам еңбек етіп келсе, енді заманауи мәдениет ошағында 100-ден астам адам жұмыс істейтін болады. Жастарды өнер – білімге тәрбиелейтін жаңа жабдықтар, құрылғылармен қамтылған 13 үйірмесі бар.
https://www.instagram.com/reel/DPAiUKhCA3m/?igsh=OXh4YTgzZW02NWY0