Рудныйда ардагер ұстаздардың болашақ жас мұғалімдермен тағылымды кездесуі өтті
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым—ЖомартТоқаев жолдауында «Жұмысшы мамандықтар жылын» айрықша атап өтіп, білім саласына, ұстаздар еңбегінеерекше тоқталғаны белгілі.
Ұстаздың мәртебесін арттыру, болашақ педагогтардыдаярлау ісін жетілдіру – мемлекет дамуының өзегі. Осыорайда №13 кітапхана филиалында өткен «Заман менұрпақ байланысы» атты тағылымды кездесу Жолдаудағыидеялардың нақты көрінісі болды.
Кездесуде Ы. Алтынсарин атындағыәлеуметтік—гуманитарлық колледжінің бастауыш сыныпмұғалімдерін даярлайтын 2-курс студенттері менұлағатты ардагер ұстаздар бас қосты.
Мақсат – болашақ мұғалімдерге ұстаздықтың қыр—сырынүйретіп, тәжірибе алмасу, үлкендердің өнегелі өміржолынан сабақ алу.
Алдымен сөз алған №13 кітапхана филиалыныңкітапханашысы Күнсұлу Кушманова бұл шараныңмән—маңызына тоқталды.
«Бұл басқосу – білім мен тәжірибенің, ұрпақтан ұрпаққаберілетін тағылымның айқын көрінісі. «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» дегендей, бүгінгішараның басты мақсаты – мектеп тарихы мен ардагерұстаздардың еңбегін таныстырып, олар туралы молмағлұмат беру. Сонымен қатар, жас буынды ұстаздықұрметтеуге, сыйлауға үйрету, үлкендердің ақыл—кеңесінтыңдап, ақ батасын алу, еңбек жолдарынан тағылым түю– негізгі міндетіміз», – деді ол.
Ол сөзін жалғастыра отырып, кітапхананың әрқашанрухани көпір ретіндегі қызметін атап өтті.
«Заман қанша өзгерсе де, ұрпақтар арасындағы байланысүзілмейді. Кітапхана – сол байланыстың алтын арқауы. Біз ұстаздарымыздың еңбегін жинақтап, студенттергежеткізуге тырысамыз. Бүгінгі кездесуден кейінстуденттеріміз үлкен тәжірибе алады деп сенемін», – дедікітапханашы.
Күнсұлу Абдуллақызының айтуынша, айына бір ретмұндай кездесулер дәстүрге айналып отыр. Алдағыуақытта Республика күніне орай тағы да мектепоқушыларымен тағылымды іс—шара өткізілмек.

Жиынға қатысқан ардагер ұстаздардың бірі – 40 жылдықеңбек өтілі бар Сүндет Молдашев. Қырық жыл бойышәкірт тәрбиелеген ол зейнетке шықса да, әлі күнге дейінбілім беру саласымен тығыз байланысын үзбей келеді.
«Менің еңбек жолым 17–18 жасымда мектепкеқабылданып, жазу—сызуға үйретуден басталды. Соданмұғалім мамандығын таңдадым. Ташкенттегіпедагогикалық институттың қазақ тілі мен әдебиетіфакультетіне оқуға түсіп, сырттай оқып бітіріп, халыққақызмет еттім. Оқытқан оқушыларымның барлығы дажақсы мамандық иесі болды. Солардың арқасындаұлағатты ұстаз атандым. “Оқу—ағарту ісінің үздігі” төсбелгісін алдым. 40 жылдық еңбек тәжірибемнің 20 жылын мұғалім болсам, қалғанын мектептің оқу ісініңмеңгерушісі болып еңбек етіп, зейнетке шықтым», – депол өзінің ұстаздық жолын еске алды.
Ардагер ұстаз студенттердің қойған сұрақтарына дажауап берді.
«Заман талабына сай мұғалім боламын деген жасұстаздармен кездестік. Студенттердің қойған сұрақтарыорынды болды. Олар келешекте мейірімділік пенадамгершілікпен жұмыс істейді деген сенімдемін. Әңгімеміз адалдық, жауапкершілік және тәрбиелікмағынаға толы болды. Үш ұстаз келіп, ақыл—кеңесіміздіайттық. Сұрақтар да ауқымды әрі қызықты болды. Студенттер менен: «Оқытушылық жолыңыздағы ең естеқалар сәтті айтып беріңізші» деп сұрады. Сонда менөзімнің студенттік шақта бастан өткерген бір қызықтыоқиғаны әңгімелеп бердім. Осындай сұрақтар менәңгімелер – жастардың ізденісі мен жақсы тәрбиесініңайқын көрінісі деп білемін. Студенттерге біз көрмегенжақсы жаңалықтарға, жаңа білім беру методикаларынүйренсін, алға ұмтылсын деген тілегімізді білдірдік. “Ұстаз деген – ғалымдардың, оқытушы ғалымдардыңғалымы” деген сөз бар. Сол сөздің мәнін ашып, ойымызды ортаға салдық», – деді Молдашев.
«Қандай мамандық таңдасаңдар да, оны іс жүзіндеқолданып, өздеріңді сынап көріңдер. Сонда ғана берікшешім қабылдайсыңдар. Осы мамандықтан қол үзбеңдердеп тілеймін. Достықтарың да мәңгі жалғассын. Шараның маңызы зор болды. Студенттері талапшыл, сөйлеген сөздерінен, қойған сұрақтарынан бәрі анықкөрінді. Олардың болашағы жарқын, бізден де көпжетістікке жетеді деп сенемін», – деп ол болашақұстаздарға кеңесін айтты.
Зейнетке шықса да қоғамдық өмірден қол үзбеген ұстазбүгінде баспасөз бетінде мақалалар, өлеңдер жариялапжүргенін тілге тиек етті. Сүндет ағайдың әңгімесіненоның ұстаздық жолға деген адалдығы, шәкірт тәрбиелеугедеген ыждаһаты айқын сезілді. Зейнет жасында дақоғамдық өмірге белсене араласып жүрген ардагерұстаздың өмірлік ұстанымдары жас буынға үлгі болып, студенттерге жігер берді.
Кездесуге қатысқан студенттер үшін ардагер ұстаздардыңөмірлік тәжірибесі мен айтқан ақыл—кеңестері – үлкенсабақ. Олар ұстаздықтың жауапкершілігі зор, бірақмәртебесі биік мамандық екенін тағы бір мәрте сезінді.
«Біз үшін ардагер ұстаздармен кездесу мәртебе болды. Олар өмір жолдарын, мамандықты қалай таңдағандарын, алғашқы еңбек жылдарындағы қызығы мен қиындығынжүрек жарды әңгімелер арқылы жеткізді. Ұстаздарештеңені жасырмай, барлығына шынайы әрі толық жауапберді. Айтқан әңгімелерінен олардың сан түрлі қиындықкөргені, бірақ ешқашан мойымағаны, керісінше әр сәттенсабақ алып, шыңдалғаны анық байқалды. Қиындыққамойымай, шәкірт тәрбиелеу ісін абыроймен атқарғаныбізге ерекше әсер қалдырды. Бұл кездесу – біз үшін үлкенөнеге ғана емес, ұстаздық жолдың қадірін тереңіректүсінуге мүмкіндік берген тағылымды сабақ болды», дейді 2-курс студенті Аяжан Тұрдымуратова.
Аяжан өзінің мұғалім болуға деген қызығушылығын балакезден бастап қалыптасқанын айтты.
«Менің бастауыш сыныптағы алғашқы мұғалімім өтемейірімді, әр шәкіртінің жүрегіне жол таба білген жанболатын. Әр сабағы біз үшін қызықты да әсерлі өтетін. Сол кісінің ізгі мінезі мен білімге деген сүйіспеншілігімені қатты шабыттандырып, ұстаздық жолды таңдауымасебеп болды. Бүгінде осы шешіміме еш өкінбеймін, қайтакерісінше қуаныштымын. Себебі бұл мамандық – текбілім беру емес, болашақ ұрпақтың жүрегіне ізгілікұялату екенін түсіндім. Алдағы уақытта жоғары оқуорнына түсіп, білімімді тереңдетіп, өзімді жан—жақтыдамытуды жоспарлап отырмын. Жақсы ұстаз болу үшінүздіксіз ізденіс қажет екенін жақсы білемін, сондықтаносы жолда аянбай еңбек етуге дайынмын», – деді ол.
Кездесуден кейін студент Ақбота Таирова да пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл шара ерекше әсер қалдырып, таңдаған мамандығына деген сенімін арттыра түскен. Сондай-ақ ол алдағы жоспарларын жүзеге асыруда үлкен шабыт алғанын атап өтті.
«Білікті ұстаздармен кездесу біз үшін өте маңызды болды. Халықта «Ағаш ағаштан бой түзейді, адам адамнан бой түзейді» дейді. Біз де осы ұстаздарға қарап бой түзейміз. Ардагер ұстаздардың айтқан ақыл-кеңестерінен болашақта қандай қадам жасау керектігін түсіндік. Бұл кездесу бізге тек кәсіби бағыт-бағдар беріп қана қойған жоқ, сонымен қатар адами құндылықтарды бағалауды үйретті. Ұстаздардың еңбек жолындағы шыдамдылығы мен қайсарлығы бізге үлкен өнеге болды. Осындай кездесулер болашаққа сенім ұялатып, мамандығымызға деген құрметімізді арттыра түседі», – деді Ақбота.
«Менің әжем тарих пәнінің мұғалімі болған. Сол кісінің жолын жалғастырғым келеді. Қазір колледжде білім алып жүріп, домбыра мен гитарада ән айтуды да хобби ретінде дамытып жүрмін. Өнерге қызығушылығым да бар, бірақ ең басты арманым – оқушылардың жүрегіне жол таба алатын, болашаққа шамшырақ болатын ұстаз болу. Әжем секілді шәкірт тәрбиелеп, олардың өміріне бағыт-бағдар беретін ұстаз атансам деймін. Осы мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін, қайта үлкен жауапкершілік арқалап жүргенімді сезінемін. Болашақта жоғары оқу орнында білімімді жалғастырып, кәсіби тұрғыда шыңдалуды мақсат етемін», – деп арманымен бөлісті жас маман.
Кездесудің қорытындысында студенттер өздерінің ой түйіндерін ортаға салып, ардагер ұстаздарға жүрекжарды алғыстарын білдірді. Әрбір жас маман бұл басқосудан үлкен сабақ алғанын, болашақтағы кәсіби жолына деген сенімі нығайып, мамандыққа деген ықыласы арта түскенін айтты.
Ұрпақ сабақтастығы – білім беру ісіндегі басты құндылық. Ардагер ұстаздардың өнегелі өмір жолы мен жинаған мол тәжірибесі жас мұғалімдер үшін баға жетпес мектеп болып табылады. Осындай жүздесулер олардың кәсіби бағдарын айқындап қана қоймай, өмірлік құндылықтарға, адамгершілік пен жауапкершілікке тәрбиелейді.
№13 кітапхана бұл игі дәстүрді жалғастырып, жастарға рухани бағдар беруді, ел болашағының іргетасын қалаушылар – ұстаздардың мәртебесін көтеруді мақсат етеді. Алдағы уақытта да осындай тағылымды шаралар ұйымдастырылып, жас ұрпақтың білімге, өнерге және ізгілікке құштарлығын арттыру көзделіп отыр.
суретті түсірген Сұлтан СЕРТАЕВ