-33 градус аяз: Қазақстанда күн күрт суытады

Қазгидромет синоптиктері 12, 13 және 14 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен жауын-шашынсыз болады.

«Тек республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі, кей жерлерде жауын-шашын күшейеді», – деді синоптиктер.

Еліміз бойынша жел күшейеді, тұман күтіледі, ал оңтүстікте және оңтүстік-шығыста көктайғақ, боран соғуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *