«Таза Қазақстан»: Рудныйлықтар көктемгі тазалық науқанына білек сыбана кірісті

Рудный қаласында 1 сәуірден бастап көктемгі абаттандыру айлығы мен «ТазаҚазақстан» республикалық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік басталды. Сәуірдің 1-і мен 2-сі күндері тазалық жұмыстарына қаланың 55 мекемесі менкәсіпорнынан барлығы 1470 адам қатысып, 30 арнайы техника жұмылдырылды.
Ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлшат Ермешекова атап өткендей, қаланы санитарлықтазарту жұмыстарына, ең алдымен, бюджеттік ұйымдар, ардагерлер қозғалысыныңөкілдері мен Жастар ресурстық орталығы белсенділік танытуда.
Бұл іске коммуналдық кәсіпорындар мен әлеуметтік мекемелер де, атап айтқанда, «Рудный жылу желілері» ЖШС, «Рудный су арнасы» ЖШС, қалалық аурухана менемхана ұжымдары қосылды. Әр ұйымға нақты аумақтар бекітілген.
Сондай аумақтардың бірі – Иван Франко көшесіндегі аллея. Мұнда Ішкі саясатбөлімінің, Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, №10 мектеп—гимназиясының ұжымы мен жыл сайын сенбіліктерден қалмайтын ардагерлереңбек етті.

Сенбіліктің алғашқы күні қыс бойы жиналып қалған қоқыс тазартылса, 2 сәуірдежапырақтарды жинау жұмыстары жүргізілді. Гүлшат Ермешекованың айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда қала аумағы едәуір тазарып қалған, десе де тұрмыстыққалдықтар мәселесі әлі де өзекті болып отыр.
– Қыстан кейінгі қоқысты, атап айтқанда, түрлі пакеттерді, шөлмектерді, кәмпитқағаздары мен қағаз қиындыларын жинадық. Тіпті, ішінде қоқысы бар пакеттер детабылды. Оларды тұрғындардың өздері шығарып, аллеядағы шыршалардың астынатастап кеткені байқалады. Сенбіліктің екінші күні жапырақтарды тазаладық. Өткенжылмен салыстырғанда мұнда қоқыс әлдеқайда аз, бірақ соған қарамастан кездесіпжатыр. Себебі маңайда дүкендер мен тұрғын үйлер орналасқандықтан, қоқыс соларданшығады. Сондай—ақ осы көшеде орналасқан барлық дүкендер мен кәсіпорындардыаралап шықтық. Жеке ұйымдарды осы акцияға қосылып, өз аумақтарын тазартуғашақырдық. Көбі қазірдің өзінде тазалық жұмыстарына кірісіп кеткен, кәсіпкерлердіңешқайсысы бас тартқан жоқ. Олар бұл бастаманы қолдап, өз нысандарына іргелесжатқан аумақтарды ретке келтіреді деп ойлаймын, – деді қалалық ішкі саясат бөлімініңбасшысы.
Қаланың еңбек ұжымдары мен білім беру мекемелері де тазалық жұмыстарынабелсене атсалысуда. Мәселен, №10 мектеп—гимназиясының ұжымы И. Франкокөшесіндегі аллеяда бірнеше жылдан бері еңбек етіп келеді. Оларға бекітілген аумақ – Владимир Ленин ескерткішінің маңы. Бұл аймақ ұдайы күтім мен назар аударудықажет етеді. Бұл жолғы сенбілікке 16 адамнан тұратын жұмыс тобы шықты. Мұндаатқарылатын іс жеткілікті: олар қоқыс жинап, өткен жылдан қалған жапырақтар менбұталарды тазалауда.
Маңайда қоқыс жәшіктері мен контейнерлер орналасқанына қарамастан, бұл аумақжиі ластанады. Сенбілікке қатысушылар өз еңбектеріне деген мұндай құрметсіздіктікөрудің ауыр екенін айтады. Сонымен қатар, өтіп бара жатқан тұрғындардың көбі, әсіресе аға буын өкілдері, тазалықшыларға қолдау көрсетіп, алғыс айтады және жұмыспроцесіне кедергі жасамауға тырысады. Дегенмен, жұрттың көзінше қоқыс тастапкететіндер де кездесіп қалады.
– Тұрғындардың басым бөлігі, негізінен үлкен кісілер, бізді үнемі жігерлендіріп, атқарып жатқан жұмысымыз үшін ризашылығын білдіреді. Егер біздің аумақтытазалап жатқанымызды көрсе, кедергі келтірмеу үшін айналып өтеді. Бірақнемқұрайлылық танытып, дәл сол жерге қоқыс немесе кәмпит қағазын тастапкететіндер де бар. Қар еріген соң, бұл аумақта үй жануарларын серуендететінтұрғындардың да мәдениеті сын көтермейтіні айқын көрінді, – деді №10 мектеп—гимназиясының қызметкері Дина Әлімбаева.
Ұжым қала аумағынан бөлек, мектеп іргесіндегі жерді де тазартып үлгерді. Мұндайакциялар тек тазалық орнатып қана қоймай, адамдардың басын біріктіріп, туған қалағадеген жауапкершілік сезімін қалыптастыратынына олар нық сенімді.
– Тазалық – барша азаматтың саулығының кепілі. Тұрғындардың қоршаған ортағаұқыпты қарап, қоқыс шашпауын және осы әдетті балаларына да үйреткенін қалаймыз. Барша қала халқын қоқысЖұмыла көтерген жүк жеңіл, тәртіпті бұзбауға және қаланы абаттандыружұмыстарына белсене қатысуға шақырамын, – деп толықтырды Дина Әлімбаева.
Қалалық кәсіпорындар да сенбілікке қарқынды түрде қосылды. Мәселен, «Рудныйжылу желілері» ЖШС атынан қызметкерлер қатысып, арнайы техникажұмылдырылды. Кәсіпорынға Батищев—Тарасов көшесінің Свердлов және Миркөшелері аралығындағы аумағы бекітілген. «Рудный жылу желілері» ЖШС басинженері Самат Башпаев бұл учаскедегі жағдайдың жылдан—жылға жақсарып кележатқанын атап өтті.

– Бұрын мұнда қоқыс үйінділері көп болатын, ал қазір қалдықтардың азайғаныбайқалады. Тұрғындар тазалық жұмыстарының жүйелі жүргізіліп жатқанын көріп, қоршаған ортаға ұқыпты қарай бастады. Бұл көше бізге төртінші жыл қатарынанбекітіліп отыр. Сенбілік – табиғат аясына шығып, ұжымды ұйыстыратын өзіндік біріс—шара іспеттес. Жұмысты қоқысты қатты тұрмыстық қалдықтар полигонынашығарудан бастадық. Тазалыққа арнайы техникалар – екі «КамАЗ» және екі тиегіштартылды. Сонымен қатар, кәсіпорнымызға іргелес аумақты да ретке келтіріпжатырмыз, – деді Самат Башпаев.
«Рудный су арнасы» ЖШС қызметкерлері де 50 лет Октября көшесінен бастапКомсомол даңғылына дейінгі бекітілген аумақтарды тазартуға қатысты. Сенбілікбарысында қоқыс, қураған жапырақтар мен бұталар жиналып, іргелес учаскелертәртіпке келтірілді. Әрбір қызметкер ортақ іске өз үлесін қосып, туған қаласыныңтазалығына деген жауапкершілігі мен қамқорлығын танытты. Мұндай шараларэкологиялық мәдениетті қалыптастыруда, қоршаған ортаға ұқыпты қараудынасихаттауда және халық үшін қолайлы жағдай жасауда зор маңызға ие.
2 сәуір күні қаланың көптеген ұйымдары көшелерді тазалауды жалғастырып жатқанда, мәдениет бөлімінің қызметкерлері Фрунзе көшесіндегі сайдың бойын тазартужұмыстарын жүргізді.
– Қаланы қыстан қалған қоқыс пен ластықтан тазарту мақсатында сенбілікке шықтық. Мұнда қоқыс өте көп, бірақ бұл қол қусырып отыруға себеп емес. Аумақты барыншатазартуға тырысып жатырмыз және тұрғындарды тәртіп сақтауға шақырамыз. Бұлжұмысты тек өзіміз үшін емес, балаларымыз қауіпсіз әрі жайлы ортада серуендеуіүшін баршамызға ортақ мақсатта атқарудамыз. Тазалыққа бала кезден баулу өтемаңызды. Өкінішке қарай, бүгінде көптеген адамдар бейжай өтіп кетеді, ешқандайбастама білдірмейді, ал бұрын тұрғындар мұндай жұмыстарға әлдеқайда белсенеараласатын. Қоқыс контейнерлері жүйелі түрде босатылып тұрады, сондықтан мәселетұрғындардың қалдықтарды белгіленген жерге дейін жеткізбеуінде немесе жай ғанаеріншектігінде болып отыр. Қоқыстың бір бөлігін жел ұшырып әкетуі мүмкін, бірақнегізгі себеп – адам факторында. Ойпаттың қоқысқа толып жатқанын көру өтеөкінішті, өйткені бұл жер таза, жасыл желекті әрі сулы аймақ болуы тиіс еді. Қазіргітаңда мұнда нағыз қоқыс үйіндісі түзілген. Мұнда негізінен тұрмыстық қалдықтар: пластик шөлмектер, пакеттер мен тағам қаптамалары шашылып жатыр. Ескі техникасекілді ірі қалдықтар да кездеседі, бірақ олар аз. Бұның барлығы – адамдардыңқоршаған ортаға деген күнделікті көзқарасының нәтижесі, – деді Рудный қаласыныңорталықтандырылған кітапхана жүйесі директорының балалармен жұмыс жөніндегіорынбасары Ольга Осипова.
Тұрғын үй—коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Юрий Итемгеновтіңақпараты бойынша, қар ерігеннен кейін қалада, әсіресе аулалар мен контейнералаңдарының маңында қоқыс көптеп шығады. Осыған байланысты аумақтардымекемелерге бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
– Қаланың барлық тұрғындарын бейжай қалмауға және өздеріне іргелес аумақтардыретке келтіруге шақырамыз. Жиналған қоқысты шығару жұмыстары бір—екі күн ішіндеұйымдастырылады, – деп атап өтті Юрий Итемгенов.
Қала тұрғындарына сенбіліктерге белсене қатысу туралы үндеу тасталып, күнделіктітазалықты сақтаудың маңыздылығы ескертілді. Сенбіліктің алғашқы екі күніндекөптеген көшелерге санитарлық тазарту жүргізіліп, өз бетінше пайда болған қоқысүйінділері жойылды. Барлығы 320 тонна қоқыс жиналды. Жалпықалалық сенбіліксәуір айының соңына дейін жалғаспақ.
,