Судағы қауіпсіздік – адам өмірінің кепілі!

Шомылу маусымының басталуымен көптеген азаматтар өзендер мен су айдындарында демалады. Алайда суда демалу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажет. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау орны толмас қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.

Суға түсу кезінде келесі қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз:

  • тек арнайы жабдықталған және шомылуға рұқсат етілген орындарда шомылыңыз;
  • суға түсер алдында судың тереңдігі мен түбінің қауіпсіз екеніне көз жеткізіңіз;
  • қалқыма белгілерден (буйлардан) әрі қарай жүзбеңіз;
  • бейтаныс жерлерде суға секірмеңіз;
  • суда қауіпті ойындар ұйымдастырмаңыз және бір-біріңізді суға итермеңіз;
  • балаларды бір сәтке де қараусыз қалдырмаңыз, олар жақсы жүзе білсе де;
  • қайықпен немесе басқа жүзу құралдарымен жүрген кезде құтқару кеудешесін міндетті түрде пайдаланыңыз.

Төмендегі жағдайларда суға түсуге қатаң тыйым салынады:

  • алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде;
  • шомылуға тыйым салынған және жабдықталмаған орындарда;
  • гидротехникалық құрылыстардың, көпірлердің, бөгеттердің, шлюздердің, су ағызу құрылыстарының және айлақтардың маңында;
  • қатты ағысы, иірімі немесе қалың су өсімдіктері бар жерлерде;
  • түнгі уақытта және қолайсыз ауа райында.

Келесі азаматтарға суға түсу ұсынылмайды:

  • ересектердің қарауынсыз жүрген балаларға;
  • жүзуді білмейтін адамдарға құтқару құралдарынсыз;
  • жүрек-қан тамырлары аурулары, эпилепсия және денсаулық жағдайы кенеттен нашарлауы мүмкін басқа да аурулары бар адамдарға;
  • өзін жайсыз сезінген, қатты шаршаған немесе күн өтіп кеткен адамдарға.

Есіңізде болсын: судағы қауіпсіздік ең алдымен әр адамның жауапкершілігіне байланысты. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы өз өміріңізді және жақындарыңыздың өмірін сақтай аласыз.

Өзіңізді және балаларыңызды қорғаңыз! Қауіпсіз демалыс – қауіпсіздік ережелерін сақтаудан басталады.